Құқық қорғау органдары

Полицейлер ауыл тұрғынының жоғалған жылқыларын тауып берді

Жоғалған 2 жылқы табылды! Есіл ауданындағы Бұлақ ауылының бақташысы қараусыз жүрген қос тұяқтыны кезіктіріп, оларды өз табынына қосып алған. Артынша бұл жайлы полицейлерге хабар берген.

Тәртіп сақшылары орын алған оқиғаны елдімекендіктерге жеткізеді. Нәтижесінде келесі күні Қамбар ата төлдерінің иесі табылды. Ол Бұлақтың тұрғыны болып шықты. “Қараусыз қалған мал жол-көлік оқиғасына себепші және қолды болуы мүмкін”-, дейді мамандар. Осы орайда аз-кем статистикамен бөлісейік. Тамыз айынан бастап өңірімізде мал жаю қағидаларын бұзу бойынша 1604 факті тіркеліпті.

Бисенова Жанна