Kurultai banner mobile

Спорт

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен өткен ел чемпионатының жеңімпазы атанды

Жеңіс тұғырынан көрінді. Өткен аптада Алматы қаласында еркін күрестен ел чемпионатының ақтық кезеңі өткен болатын.

Сайысқа қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге жуық балуан қатысқан. Белділердің арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов та 74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жерлесіміз финалды  қызылордалық Қанат Мұсабековке қарсы өткізді. Солтүстікқазақстандық спортшы күнгейлік балуаннан 4:0 есебімен басым түсті. Осылайша қарсыласын ұпай айырмашылығымен ұтып, алтын медаль еншіледі.

Аян Бейсембаев – Нұрқожа Қайпановтың бапкері:

– Солтүстік Қазақстан облысынан 8 балуан өнер көрсетті. Соның ішінде 70 келіде қола медаль мен 74 келі салмақта алтын медальді қанжығамызға байладық. Өзіміз осылай жоспарлаған болатынбыз. Үмітіміз ақталды.

 

Эльмира Садвокасова