Құқық қорғау органдары

Өңірдің бас полицейі ведомстволық госпитальдағы дәрігерлердің жұмысымен танысты

Өңірдің бас полицейі ведомстволық госпитальдағы дәрігерлердің жұмысымен танысты.

Алдымен  облыстық ПД бастығы Марат Төлебаев емдеу мекемесінің терапиялық бөлімшесіне бас сұқты. Онда қызметкерлермен тілдесіп, дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары қорының жеткілікті екеніне көз жеткізді. Госпитальда 4 оттегі концентраторы, 8 байланыссыз термометр мен пульсоксиметр бар екен. Мұндағы мамандар үнемі дезинфекциялау шараларын жүргізіп, науқастардың да, өздерінің де дене қызуын тексеріп отырады. Жалпы, өңірде пандемия белең алғалы бері жеке құрамға 3 мыңға жуық ПТР тестілеу жасалған.

Эльмира Садвокасова