Дүйсенбіден бері облыс полицейлері дәстүрлі “Барымташы” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Оның мақсаты – мал ұрлығы мен оның етін заңсыз саудалаудың алдын алу және бұған дейін жасалған қылмыстарды ашу.
Тексерістер мен рейдтер алғашқы нәтижелерін берді. Небәрі 2 күнде 4 барымташылық факті әшкереленді. Мәселен, Ақжар ауданындағы шаруашылықтардың бірінен жалпы құны 700 мың теңге болатын 17 қой ұрланған екен. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақмола облысының 2 азаматы ұсталды. Бірі сол серіктестікте бұрын бақташы болып жұмыс істеген. Қазір күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қарашаның 16-сынан бері құқық қорғаушылар – 64 көлікті, мал сойып, ет өткізетін 34 орынды тексерген. Нәтижесінде 15 адам есепке қойылып, 4 әкімшілік хаттама толтырылған.
Саят Ермек