ТЖ

Петропавлда жер үйден өрт шықты

Кеше кешке Сәтпаев көшесінде өрт болды.

58-ші үйден шыққан тілсіз жау баспананың шатыры мен қабырғасына таралып, 65 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнына құтқарушылар дер кезінде жетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрт отқа немқұрайлы қараудан туындаған. Анықталғандай, 83 жастағы қала тұрғыны отынды кептіру үшін пештің үстіне қойған екен.

Бисенова Жанна