МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Петропавлда “Арақашықтық сақта!” акциясы ұйымдастырылды

Арақашықтық сақта! Облыс орталығында «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен акция ұйымдастырылды.

Волонтерлер сауда орындарына барып, “Адам көп шоғырланған орындардан аулақ болыңыз” деп жазылған жадынама таратты. Еріктілер осындай әдіспен тұрғындарға дәл қазіргі уақытта оқшау жүру коронавирус жұқтырмаудың бірден бір тиімді әдісі екенін түсіндірді.

Сәлімхан Сәбитов – «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Бастамаға волонтерлер де қосылды. Бұл акцияны қарашаның басынан аяғынан дейін өткізетін боламыз.

 

 

 

 

Казиканова Алтынай