Спорт

“Құлагер” ХК елордалық “Номад” командасын қапы қалдырды

“Құлагер” хоккей командасы елордалық “Номад” құрамасын алғашқы матчта қапы қалдырды.

Кеше кешке Александр Винокуров спорт сарайында өткен тартысты ойын 4 те 3 есебімен аяқталды. Бұл кездесудің жеңімпазы овертаймда анықталды. Бәсекенің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда солтүстікқазақстандық қорғаушы Федор Хорошев көзге түсіп, ұжымға жеңіс сыйлады. Нәтижесінде жергілікті команда турнирлік кестеде 5-ші орындарын сақтап қалды. Қоржында 21 ұпай бар. Ал нұр-сұлтандық “Номад” 2-ші орында келеді.

 

 

Култанов Байболат