COVID-19: Қазақстан

Кеше облыста 74 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында 74 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 54-нің бойынан  аурудың нақты белгілері анықталған.

Індетке шалдықандардың саны бойынша  облыс орталығы алдыңғы қатарда тұр. Мәселен, Петропавлда – 35, Қызылжар ауданында – 9, ал Уәлиханов ауданында 8 жағдай тіркелген. Жалпы, кешегі күні облыста мыңнан аса адам ПТР тест тапсырған.

Бердимурат Баймухан