МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізілді

“Атамекен” кәсіпкерлік палатасы Ұлттық экономика министрлігі және Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп, іскер жандар арасында сауалнама жүргізді.

Бастаманың басты мақсаты – мемлекеттік реттеудің бүкіл ауқымын түбегейлі қайта қарастыру және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткен реттеуді “таза парақтан” енгізу. Жоспарланған реформаның бағдары мынадай:

1. Тексеруге жарияланған мораторий мерзімі ішінде (яғни 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) бизнес-реттеу реформасын жүргізу;

2. Реттеу саясатының базалық принциптерін қайта қарауды және ауқымды, тіпті жазалауды көздейтін реттеуден кетіп, заманауи “санал” реттеуге өтуді көздейтін реттеу жүйесін сапалы қайта жүктеудің қажеттілігі;

3. Жемқорлық дендеген салалардан (сәулет құрылыс қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ветеринария, сертификаттау және т.б.) бастап, “таза парақтан” жаңа реттеуді енгізу негізінде жұмыс жүргізу.

 

 

Ешкенова Дана