Ауыл шаруашылығы

Биыл өңірдің ауыл шаруашылығын қолдауға 48 млрд теңге бағытталады

Биыл облыстың ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 48 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 23 пайызға көп екен.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ағымдағы жылы өңір диқандары сапалы тұқым егіп, минералды тыңайтқыш себуді арттырған. Осылайша жаздағы қолайсыз ауа райына қарамастан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Облыста мал шаруашылығы да дамуда. Қазіргі күні өңірде 10 заманауи сүт-тауарлы кешенің құрылысы жүріп жатыр. Қызылжар ауданында – 1 мың басқа арналған ет фермасы, ал Ақжар және Уәлиханов аудандарында 2 ірі бордақылау алаңы салынуда.

 

 

Бердимурат Баймухан