Аптадағы маңызды жаңалықтар

COVID-19 өткен тәулікте 57 жерлесімізден табылды

Тәжді вирусқа қатысты ахуал туралы бірер ақпар. COVID-19 өткен тәулікте 57 солтүстікқазақстандықтан табылды.

Науқастардың дені – петропавлдықтар. Инфекция жұқтырғандардың арасында Есіл, Қызылжар, Мамлют және Аққайың аудандарының тұрғындары да бар. Жаңа жағдайларға қатысты эпидемиологиялық тергеу жүрігізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. Олар тапсырған ПТР тесттер қазір зерттеліп жатыр. Айта кетейік, пандемия басталғалы облыста 145 мыңнан астам ПТР сараптама жасалған.

 

 

 

Саят Ермек