Құқық қорғау органдары

ТБС қызметкері көлік ұрлап кетті

Техникалық байқау станциясының қызметкері  жөндеуге тапсырылған көлікті ұрлап кеткен. Жақында Петропавл қаласының тұрғыны  жергілікті көлік жөндеу орындарының біріне  темір тұлпарын қалдырып кетеді. Алайда, біраз уақыт өткен соң оның мүлкін тәртіп сақшылары әкеліп берген.

Сырты лайланған машинаны полицейлер қаладағы аулалардың бірінде байқап қалыпты. Барып тексерген сәтте оның ұрланғаны белгілі болды. Баукеспе 46 жаста, бұрын сотты болған. Ер адам мас күйінде ұсталғандықтан тергеу шаралары кейінге қалдырылып отыр.

Бердимурат Баймухан