ТЖ

Петропавлда иесі жоқ баспанадан өрт шықты

Петропавлда иесі жоқ баспанадан өрт шықты. Крылов көшесіндегі 72-ші үйдің жанып жатқаны туралы хабар  өрт сөндірушілерге кеше түнгі 12-лер шамасында түскен.

Оқиға орнына 9 минутта жеткен мамандар тілсіз жауды 1 сағатқа жуық уақыттың ішінде сөндіреді. От 42 шаршы метр жерді жалмаған. Өртті ауыздықтауға 3 техника мен 12 құтқарушы жұмылдырылды. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт бәз біреулердің отты абайсыз пайдалануынан туындаған.

Ешкенова Дана