Құқық қорғау органдары

Петропавлда самокатпен жүрген 2 ұры ұсталды

Екеуі жуырда 36 жастағы петропавлдықты тонап кеткен. Қала тұрғыны түнде Чайковский көшесімен келе жатқанда оны бәзбіреулер дауыстап шақырады. Оған мән бермеген соң самокат мінген екеуі қуып жетіп, ұялы телефонын, әмияны мен құжаттарын алып қойған. Тәртіп сақшылары ұрыларды бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. 20 жастағы жігіттер қалада тұрады. Өз істерін мойындап отыр. Қолды болған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір бұл фактіге қатысты тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Подозреваемый:

– Шли, встретили мужика, спросили сигарету, потом, там, копейки спросили. Он побежал, я догнал его, ударил. –

– Зачем ударил?

– За то, что убегал.

– Ранее знали его?

– Нет, не знал.

– Потом что было?

– Все, посидели, забрали телефон у него.

– Потом куда пошли?

– Домой пошел.

Үмітбек Фархадов – Петропавл қалалық ПБ тергеушісі:

– Петропавл қаласының 2-ші полиция бөліміне Чайковский көшесінің бойында тонау жасалды деген арыз келіп түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталмаған облыс орталығының 20 жастағы 2 бірдей тұрғыны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Бисенова Жанна