Білім

Монторингілік топ студенттік жатақханаларды аралады

Қазіргі уақытта студенттік жатақханаларда өзге өңірлерден  және интернеті нашар ауылдардан келген жастар тұрып жатыр. Олар сонда тұрып, сонда қашықтықтан оқиды. Студенттер үйінде қандай санитарлық талаптар сақталуы тиіс? Жыл басында интернеттің сапасы жөнінде айтылған ескертулер  ескерілген бе? Жасотандықтардан құралған мониторингілік топ жатақханаларға барып, біліп қайтты.

Бұл – СҚ кәсіби педагогикалық колледжінің жатақханасы. Кірген кезде әр адам аяқ-киімін ауыстырып, мына шкафқа қоюы тиіс. Болмаса, бахила киюі керек. Жалпы, нысан ішінде барлық санитарлық талаптар қатаң түрде сақталынады. Студенттердің бөлмелерінде де оқуға қажет жағдайлар жасалған. Мұнда wi-fi роутері бар. Интернеттің сапасы жақсы дейді жастар. Компьютер керек болса арнайы залға баруға болады. Айта кетейік, колледж жатақханасында өзге өңірлерден және интернеті нашар алыс ауылдардан келген жастар тұрып жатыр. Барлығы – 33 студент.

Шыңғысхан Жақиянов – СҚ кәсіби педагогикалық колледжінің студенті:

– Мен осы жатақханада 1-ші қыркүйектен бастап тұрып жатырмын. Бәрі ұнайды, санитарлық нормалар сақталынады. 01:16 Сабақ оқуға да қолайлы, тыныш. Жатақхананың іші таза әрі жылы. Өзіме ұнайды. Осы колледжге түскеніме еш өкінбеймін.

Бөлмелер қаралғаннан кейін тексеруші топ асхана, дәліз бен кір жуатын орындарды аралады. Барлығы жарқырап тұр. Тазалау жұмыстары мұнда күніне 2 рет жүргізіледі екен. Талап жатақханадағы жастар үшін де қатаң. Студенттер киім жуатын жердің өзіне кесте бойынша келеді.

Жатақханадағы тіршілік – 24 сағат бақылауда. Ғимараттың іші мен сыртына бейнекамералар орнатылған.

Дәурен Хамитов – СҚ кәсіби педагогикалық колледжі жатақханасының меңгерушісі:

– Жатақхана есігі кешкі сағат 9-да жабылады. Бұл – студенттердің қауіпсіздігі үшін жасалған шара. Мәселен, қазір мұнда тұрып жатқан жастардың басым бөлігі – кәмелет жасына толмағандар. Нысан ішіне де бөтен ешкімді кіргізбейміз.

Осындай тексеріс қаладағы құрылыс-экономикалық келледжінде де жүргізілді. Бұл жерде де еш олқылық анықталған жоқ. Тек нысан іші әбден ескіріпті. Жатақхана 73-ші жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Басшылықтың айтуынша, мәселе келесі жылы қолға алынбақ. Жалпы, мониторингілік топ өкілдері қос студенттер үйінің жағдайын бір жылда екінші мәрте тексеруде.

Біржан Құдайбергенов – “Jas Otan” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжіне алғаш рет жылдың басында келген едік. Ол кезде интернет желісі бойынша ескерту жасадық. Ал қалған бағыттары нормаға сәйкес келеді. Бұл мәселе қолға алынып, қазір жатақханада интернет сапасы жақсы.

Мұнымен тексеру шаралары таусылмайды. Талаптың орындалуы пен сапаның төмендемеуі – жіті назарда.

Бисенова Жанна