ТКШ

Тайынша ауданында 50 жастағы ер адам 680 грамм марихуанамен ұсталды

Тайынша ауданының тұрғыны 700 грамға жуық марихуанамен ұсталды.Полицейлер күдіктіні Кирово ауылының санитарлық бекетінде қолға түсірген.

50 жастағы ер адамның көлігін тексеру кезінде пакетке салынған өсімдік тектес зат табылады. Сот-химиялық сараптамасының нәтижесі  бұл шөптің  кептірілген марихуана екендігін көрсеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-шы бабы 2-ші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері  заңсыз айналымнан 398 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілеген. Оның 350 келіге жуығы – марихуана.

Актолкын Солтанханкызы