Спорт

“Құлагер” есе қайтара алмады

Есе қайтара алмады. Кеше солтүстікқазақстандық “Құлагер” құрамасы “Теміртау” командасына қарсы қарымта кездесу өткізді.

Бұл жолғы ойында жерлестеріміз қарсыластарынан 3:1 есебімен ұтылды. Еске сала кетейік, петропавлдық имек таяқ шеберлері өткен жексенбіде қарағандылық командадан 4 шайба өткізіп жеңіліс тапқан еді. Қазіргі күні жерлестеріміз турнирлік кестеде 10 ұпаймен 4-ші орында тұр. Хоккейшілеріміздің келесі қарсыласы – “Снежные барсы” құрамасы. Ойын қарашаның 9-ы мен 10-ы күндері Петропавлда өтеді.

Бердимурат Баймухан