МТРА жаңалықтары

Праймериз қатысушыларына үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады

Праймериз қатысушыларына тұрғындар арасында үгіт-насихат жүргізуілеріне тыйым салынады. Тіпті, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, әлеуметтік көмек көрсетулеріне де болмайды.

Себебі, алдағы уақытта солтүстікқазақстандықтар мәслихат пен мәжіліс депутаты болуға ниет білдірген үміткерлерге тағы бір рет дауыс бермек. Науқан әділ өтуі үшін нұротандықтар осындай қаулы қабылдап отыр.
Шара барысында бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілмеуі тиіс. Ереже еленбесе, үміткер сайлаудан шығарылады. Ал шешуші кезең қаңтардың 11-і ұйымдастырылмақ. Ең көп қолдауға ие болған кандидат халық қалаулысы атанатын болады. Бүгінде облыс бойынша бұл лауазымға ниет білдіргендердің саны 645-ті құрайды.

Рүстем Әлібеков – «Nur Otan» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

– Үміткерге тұрғындар хабарласып, өзінің шағымын жеткізсе, бірден бізге айтуы шарт. Өздігінен шешім қабылдап, қаржылай жәрдемдесуіне қатаң тыйым салынады. Мұқтаж жандарға “Нұр Отан”-дағы қоғамдық қабылдаудың мамандары көмектеседі. Кез келген мәселенің шешімін табуға мүмкіндігінше қол ұшын созамыз.

Бердимурат Баймухан