Kurultai banner mobile

Спорт

Кәсіпқой боксшы Евгений Павлов шаршы алаңға шығады

Солтүстікқазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов шаршы алаңға қайта шығады! Жерлесіміз қазанның 31-і күні Атырау қаласында танзаниялық Гудлак МрЕмамен күш сынасады.

Қарсылас өте тәжірибелі. Ол кәсіби рингте 28 кездесу өткізіп, 23 мәрте жеңіске жеткен. 13 жекпе-жекті уақытынан бұрын, яғни нокаутпен аяқтапты. 5 рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Естеріңізге сала кетейік, Евгений Павлов биыл кәсіпқой боксқа ауысты. Былғары қолғап шебері өзінің алғашқы кездесуінде венгр спортшысының мысын басты. Атырауда Евгенийден бөлек, өзге де қазақстандық бокс жұлдыздары өнер көрсетеді.

Култанов Байболат