МТРА жаңалықтарыДенсаулық сақтау

Өңірде ресейлік дәрігерлер қабылдау өткізуде

“Атлант” медициналық орталығының мамандары  мойын омыртқасы, арқа және буын ауруларын емдейді. Ресейлік дәрігерлер Петропавлда кезекті қабылдауларын бастады. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Людмила Чванованың мойны мен арқасы ауырғаны соншалық, тіпті, үй шаруасымен айналыса алмай қалған. Сырқаты шыдатпағасын түрлі жақпаларды қолданып, халық емдеріне сүйенеді. Бірақ, нәтиже болмайды. Кейін, ол «Атлант» орталығының мамандарына жүгінеді. Ресейлік дәрігерлер тың әдістің көмегімен емдеп, жағдайын жақсартқан.

Людмила Чванова, қала тұрғыны:

– Менің басым қатты ауыратын. Оған қоса мойным да шыдатпайтын. Салдарынан кеуде тұсым да ауырып, белім де мазалай бастады. Ресейлік дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Мойын омыртқасының ауруы көбінесе туа біткен жарақат салдарынан туындайтын көрінеді. Ал ауырсыну кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Қазіргі күні орталыққа еңбектеген баладан бастап 80 жасқа дейінгі қарттар келіп, тиісті ем-дом ала алады.

Владимир Бочановский, – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біз краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Соңғы 3 жылдың ішінде «Атлант» орталығының мамандары қазақстандық және ресейлік мыңдаған азаматқа көмектескен. Бүгінде білікті дәрігерлер кезекті қабылдауларын бастап кетті. Олардың қарауына жазылу үшін 8-777-739-65-49 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Бердимурат Баймухан