МТРА жаңалықтарыКөлік және жолдар

Екі ауданда жөнделген жолдың сапасы тексерілді

“Сапалы жол”. “Антикор” орталығы мен “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық-кеңсесінің мамандары кезекті тексеріс өткізді.

Жуырда Айыртау мен Ғ.Мүсірепов ауданында 15 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Саумалкөл-Новоишимское-Червонное селоларын басып өтетін трассаны қалыпқа келтірумен «МГА-Дорстрой» серіктестігі айналысқан. Мониторингілік топ мүшелері асфальттың қалыңдығы мен енінен кемшілік таппаған, бірақ еңкіштігі мен жол белгілеріне қатысты сын айтқан.

Дамир Хабибулин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының жетекшісі:


–  Әзірге, тексеріс нәтижесіне көңіліміз толады. Басты талаптар орындалған. Осы бағыттағы жолды жөндеуге облыс бюджетінен 552,5 млн теңге қаражат бөлінген болатын. Жол қолданысқа тапсырылды. Мердігер 2 жылдық кепілдік беріп отыр. Жалпы, биыл өңірде 261 шақырым жол қалыпқа келтірілді. Бағытталған қаржы – 8,2 млрд теңге.

Бисенова Жанна