Спорт

“Қызылжар” ФК мен қарағандылық “Шахтер” ФК ұпай бөлісті

Кеше “Қызылжар” ФК мен қарағандылық “Шахтер” командасы ұпай бөлісті. Алатаудың баурайында өткен қос ұжым арасындағы матч 0 де 0 есебімен аяқталды.

Бұл кездесуде кеншілердің басымдығы анық байқалды. Бірақ, қарсыластарымыз солтүстікқазақстандықтардың қақпасынан саңылау таба алмады. 15-ші турдың қорытындысы бойынша жергілікті құрама турнирлік кестеде 9-шы орында тұр. Теріскейліктердің қоржынында 12 ұпай бар. “Қызылжар”-дың келесі ойыны 31-ші қазан күні талдықорғандық “Жетісу”-ға қарсы өтеді.

Култанов Байболат