МТРА жаңалықтарыБілім

2-ші тоқсаннан кей мектептер дәстүрлі форматқа көшеді

Елімізде 2-ші тоқсаннан бастап кей мектептердің жұмысы дәстүрлі форматқа көшеді.

Бұл жайлы Премьер-министр Асқар Мамин  ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында айтты. Алғашқы тоқсан қарашаның 5-і күні аяқталады. Ұл-қыздар 10 күнге демалысқа шығады. Келесі тоқсаннан  оқушылар саны 300-ге дейінгі білім ошақтарындасабақ штаттық режимде өткізіледі. Сондай-ақ, 5-ші сынып шәкірттері мен халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейінгі ұл-қыздар қашықтықтан емес, яғни мектепке келіп оқитын болады. Бұл жағдайда ата-аналар өз келісімдерін бергендері жөнінде өтініш жазулары қажет.

Эльмира Садвокасова