МТРА жаңалықтары

Жолаушы такси жүргізушісін ұрған

Облыс орталығында жолаушы 46 жастағы такси жүргізушісін ұрған. Оқиғаның мән-жайын жіті баяндайық. Бүгін таңертең темір тұлпар тізгіндеген жан / азаматты діттеген жеріне апарыпты. Қызығы, клиент / белгілі бір мекен-жайға жеткен соң жолақысын төлеуден бас тартқан екен. Осы сәтте екеуінің арасында дау туындап, арты төбелеске ұласқан. Жұдырықтасу кезінде жүргізушінің 2 бірдей тісі сынып, көлігіне зақым келген.

Бұдан соң, автомобиль иесі тәртіп сақшыларына жүгінген. Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден анықтады. Ол 79-шы туылған Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Тәртіпсіз жолаушының сөзінше, жүргізуші барсетканы тартып алмақ болған. Осыдан жанжал басталған. Қазір бұл факті – мамандардың қарауында. ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Бисенова Жанна