Спорт

Петропавлда спорттық «Алтын күз» сайысының жеңімпаздары анықталды

Дәстрүлі спорттық «Алтын күз» сайысы Петропавлда биыл қашықтықтан ұйымдастырылды. Онлайн өтсе де қатысушы саны кем болған жоқ. Барлығы – 80-ге жуық адам. Олар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлініп, сайысқан.

Үздіктер бүгін марапатталды. Бауыржан Досжанов 50 мен 59 жас аралығындағы ер адамдар арасында топ жарды. Ол 3 шақырымды 42 минут 39 секундта бағындырыпты. Басты талап мынадай: әр қатысушы өз смартфонына “STRAVA” қосымшасын жүктеп алып, берілген қашықтықты уақытқа жүгірулері керек. Кейін көрсеткішті төрешілерге жіберуі керек болған.

Бауыржан Досжанов – спорттық сайыстың жеңімпазы:

– Мен өзім 50 жастан 59 жастар арасында жүгіріп, 1-ші орын алдым. Әскери институтта істеймін.Россияда Омбы қаласында өткен жарысқа да қатыстым. Өзімнің нәтижеме өте қуаныштымын.

Актолкын Солтанханкызы