Спорт

“Қызылжар” ФК көптен күткен жеңіске қол жеткізді

Көптен күткен жеңіс! Жергілікті “Қызылжар” ФК Таразды тізе бүктірді.

Алатаудың баурайында өткен матч 1 де 0 есебімен аяқталды. Ойынның 68-ші минутында әулиеаталық қақпашы өрескел қателік жіберді. Ол бұрыштамадан асырылған допты қаға алмай, қолымен петропавлдық шабуылшы Момо́ду Си́сей тұрған жаққа бағыттады. Мұны жерлесіміз ұтымды пайдаланды. Жеңістен кейін солтүстікқазақстандық құрама турнирлік кестеде 9-шы орынға көтерілді. Қоржында 11 ұпай бар. Келесі матч қазанның 27-сі күні ұйымдастырылмақ. Бұл күні қызылжарлықтар қарағандылық “Шахтермен” күш сынасатын болады.

Култанов Байболат