Ал Жамбыл ауданында / ер адам елік атып алған.
Өзі Есіл ауданында тұрады екен. Қасында 2 жолдасымен бірге Суаткөл ауылына келе жатқанда елікті байқап қалады. Қолындағы тіркелмеген қаруын алып, түз тағысын көздеп, атып қалған. Полицейлерге бұл туралы / Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері хабар берген. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру барысында күдіктінің көлігін кезіктіреді. Ішінен жануардың денесі, пышақ және қару табылған. Қазір аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есіл ауданының 40 жастағы тұрғыны ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша жазалануы мүмкін. Яғни, елік атқаны үшін – 3 мың, ал заңсыз қару сақтағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ.
Ешкенова Дана