Құқық қорғау органдары

СҚО-да браконьерлер аққуды атып алған

Браконьерлер аққуды атып алған. Оқиға осыдан 2 күн бұрын Мамлют ауданында болды.

Табиғат қорғаушылары қызыл кітапқа енген құстың денесін Леденево селондағы аулалардың бірінде көліктің жүксалғышынан тапқан. Бірақ, машинаның иесі бұған менің қатысым жоқ деп ат-тонын қашқан көрінеді. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қызыл кітапқа енген құсты кімнің атып алғаны анықталатын болады.

 

 

 

Маржан Касымбек