МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Жергілікті полицейлер 6 блокпоста кезекшілік атқаруда

Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғарылауына байланысты 3 аудан орталығына блокпост қойылды.

4 күн бұрын шектеу шаралары М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында енгізіліп, мұнда 4 бірдей блокбекет орнатылған болатын. Ал күні кеше Мамлютка мен Явленка да карантинге жабылды. Аудан орталықтарының кіреберісі мен шығар тұсында полицейлермен қатар санитар мамандар, медицина қызметкерлері және жергілікті әкімдік өкілдері де кезекшілік атқаруда.

Ешкенова Дана