МТРА жаңалықтары

5 мыңға жуық петропавлдыққа кезекті рет 50 мыңнан беріледі

Көмекке мұқтаж жандарға “Birgemiz” қорынан кезекті мәрте 50 мыңнан беріледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік көмекті көпбалалы жанұяларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге – ел бойынша жалпы 100 мың отбасыға тағайындауды тапсырды. Бұл жолы қолдауға 5 мыңға жуық қала тұрғыны қол жеткізбек. Арнайы тізімді жергілікті құзырлы орган мамандары жасаған. Мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қордан 243 млн 750 мың теңге аударылмақ.

Маржан Касымбек