Ауыл шаруашылығы

СҚО-да дәнді және бұршақты дақылдарды жинау аяқталды

Өңірде дәнді және бұршақты дақылдар жиналып болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары берген мәлімет бойынша диқандар 2,9 млн гектарға егілген өнімді толық жиып-теріп алған. Әр гектардың орташа шығымдылығы – 15 центнер.Енді майлы дақылдар қалып отыр. Бүгінге дейін 845 мың гектардан астам жер орылған. Мұндағы түсім орташа есеппен 8,4 центнерден айналуда.

Ешкенова Дана