COVID-19: Қазақстан

Мамлютка мен Явленка карантинге жабылды

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсіп, тағы екі аудан орталығы карантинге жабылды. Еске сала кетейік, өткен аптаның соңында шектеу шаралары Булаево қаласында енгізілген болатын. Мұнда екі жұмада 24 жағдай тіркелді.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының хабарлауынша, эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты / Мамлютка мен Явленка елді мекендерінде де блокпосттар орнатылды. Мұнда 14 күннің ішінде науқастардың саны 16-ға дейін артыпты. Өңірлік комиссия ковид-19-ды жұқтырғандардың қатары ауылдарда – 5, ал аудан орталықтарында 7-ден асқан жағдайда шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдайды.

Эльмира Садвокасова