Қоғам

Петропавлда субмәдениет фестивалі өтті

Қыркүйектің 26-сы мен қазанның 6-сы аралығында облыс орталығында субмәдениет фестивалі өтті.

Онлайн-шара жергілікті жасылелдіктердің бастамасымен 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ: “стрит воркаут”, “битбокс”, “көше биі” және “велосипедпен трюк жасау”. Фестивальға қатысушылар өз өнерлерін видеоға түсіріп, “Instagram” желісіндегі жеке парақшаларында жариялаған. Кеше жұмыстар қазылардың назарына ұсынылып, үздіктер іріктеліпті. Бүгін олар құрметке бөленді.

Антон Шишканов – “JE SKO штабы” ҚБ төрағасы:

– Мұндай фестиваль бізде алғаш рет онлайн форматта өткізілді. Қатысушыларға әділ баға беру үшін өз ісінің майталмандарын арнайы шақырдық. Жалпы, шараға 32 жас азамат қатысты. Барлық жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Болашақта мұндай байқауларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Бисенова Жанна