МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер елге кіргізілмейді

Қазанның 6-сы күні еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланып, күшіне енді. Онда ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер елге кіргізілмейтіндігі көрсетілген.

Ал өзге елдерден оралатын отандастарымыздың жайы не болмақ? Жергілікті санитарлар ұйымдастырған брифинг барысында бұл мәселе жайлы да айтылды. Мамандар шекара асқан қазақстандықтардың індетті жұқтырмағандығын дәлелдейтін қағазы болмаса, 2 апта карантинге жатқызылады дейді. Осы орайда естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға 72 сағат ішінде тест жасатқан шетелдіктер ғана өте алады. Бүгінде облыс аумағында 3 автоөтпе бар. Нысандар Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Мамлют аудандарында орналасқан. Аталған бекеттер арқылы күніне шамамен 500-ге жуық адам қатынайды.

Толқын Қаженова – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

– Қазақстандықтар термометрия мен сауалнамадан өтеді. Бекеттегі медицина қызметкерлері сынама алады. Нәтижесі шыққанға дейін сол жердегі госпитальға жатқызылады. 2 тәулікке дейін.

Маржан Касымбек