МТРА жаңалықтары

Кадрлық ауыс-түйіс

Кадрлық ауыс-түйіс! Бүгін облыстық әкімдік отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Енді бұл лауазымды қызметті Иван Турков атқармақ. Ол көлік және автомобиль жолдары мәселелерін қадағалайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, атқамінер
бұған дейін Жамбыл және Тайынша аудандарына жетекшілік еткен болатын.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Менің өкіміммен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Иван Иванович Турков СҚО әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Ол 1976 жылы дүниеге келген. 2007 жылдан бастап ауылдық округ әкімінен Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Содан кейін Жамбыл және Тайынша ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Дана Ешкенова