МТРА жаңалықтары

Береке ықшам ауданында жаңа шамдар орнатылды

Ағымдағы жылы Петропавлдың Береке ықшам ауданында жаңа шамдар орнатылды. Олар басқаларға қарағанда электр қуатын 3 есе үнемдеп, жарықты реттеу қасиетіне ие.

Нақтырақ айтсақ, заманауи құралдар 3 көшеге қойылды. Олар: Гастелло, Байболов, Ыбыраев көшелері. Жалпы биыл шаһардың 16 көшесіндегі шамдарды ауыстыру жоспарланып отыр. Қалалық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, үстіміздегі жылы облыс орталығына 3 мыңға тарта жарықдиодты шам қойылады.

Казиканова Алтынай