Спорт

Секіртпемен секіруден өткен облыстық турнирдің жеңімпаздары марапатталды

Секіртпемен секіруден онлайн өткен / облыстық турнирдің жеңімпаздары марапатталды.

Жарыс тамыздың 10-ы мен қыркүйектің 21-і аралығында өткен болатын. Сайысқа түрлі жастағы / 100-ге жуық адам қатысқан. Ереже бойынша 30 секундта кім неғұрлым көп секірсе, сол жеңіске жетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шаралар бұқаралық спорттың дамуына септеседі. Нәтижесінде 54 адам жүлделі орынға ие болды. 30-ы – қала тұрғыны. Жеңімпаздарға мақтау қағазы мен медаль табыс етілді.

Жанар Туралина – қала тұрғыны:

– Видеоға түсіріп, соны Олег Валерьяновичке жібердік. Біздің жас бойынша тек қана жай секіру керек болды. Видеоны менің жолдасым түсірді. Екеуміз паркке барып, видеоны түсіріп, дұрыстап сосын жібердік.

 

 

Казиканова Алтынай