Құқық қорғау органдары

СҚО-да 25 мәрте ұрлық жасаған баукеспе құрықталды

25 мәрте ұрлық жасаған. Өңір полицейлері 40 жастағы баукеспені құрықтады.

Қолының қыспасы бар жанның бұрын жасаған істері сот залында екі жақтың келісімімен шешіліп келіпті. Яғни, ақкөңіл ағайын оның қылмысын кешіріп отырған екен. Қазір ұрыға  шаруашылыққа қажетті заттар мен азық-түлікті қолды қылды деген бірнеше айып тағылып отыр. Баукеспе – Қызылжар ауданының тұрғыны. Ол арам ойын Якорь ауылында жүзеге асырған. Қазіргі күні тәртіп сақшылары жоғалған дүниелердің бір бөлігін иелеріне қайтарды. Сондай-ақ, мамандар ұрланған заттарды сатып алған адамды да анықтай алды. Бүгінде қос факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 188-ші бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бердимурат Баймухан