Құқық қорғау органдары

Өңірде автокөлік пен жылқы соқтығысты

Өңірде автокөлік пен жылқы соқтығысты.

Оқыс оқиға қыркүйектің 27-сі күні кешкілік Ғабит Мүсірепов ауданында болған. Жылқы малы Рузаевка селосынан 5 шақырым жерде Алматы-Екатеринбург тас жолына кенеттен шығып кеткен. Сол сәтте “Ваз-21099” темір тұлпарын тізгіндеген 55 жастағы ер адам жануарға барып соғылады. Апат салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алды. Ол аудандық ауруханаға жеткізілген. Ал тұяқты сол жерде мерт болды. Полицейлер бақташыны кінәлі деп танып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі бойынша жазаға тартты. Яғни, айыппұл салынды. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап енді малды қараусыз жібергендер жауапкершілікке тартылады.

Дана Ешкенова