МТРА жаңалықтары

“Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес” акциясы бастау алды

Бүгінде елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ауыздықтау мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Мысалы, жуырда “Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!” атты жалпыресбуликалық акция жарияланды. Оны “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесі ұйымдастыруда.

Сәлімхан Сәбитов – «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Акцияның мақсаты – өзіміздің мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың басшылары адалдық, парасаттылық ұстанымдарын ұстай отырып, халық алдында есеп беру. Билік өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісулері тиіс. Осылайша олар қаншалықты халыққа жақын екенін көруге болады.

Акция – бәріне ортақ. Оның аясында облыс, қала және аудан әкімдері, департамент, басқарма басшылары халық алдында қаншалықты ашық, мөлдір екендіктерін дәлелдейді. Яғни, жұртшылыққа өздері, жұмыстары жайлы айтады, сұрақтарға жауап береді.

Сәлімхан Сәбитов – «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Акция барысында «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісімен жергілікті 14 ауданымыздың әкімдеріне хат жолданды. Сонымен олардан бізге не керек? Олар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, жасалып жатқан жұмыстарын халыққа жеткізу қажет.

Бұл акцияға бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады. Біз өз мүмкіндігімізді пайдаланып, халық арасында сауалнама жүргіздік. Солтүстікқазақстандықтар облыс, қала әкімдерін тани ма? Жасап жатқан жұмыстарына қандай баға береді? Жерлестермізді тыңдап көрейік.

–  Қателеспесем, қазір облыс әкімі – Құмар Ақсақалов. Жалпы, қаламыз көркейіп келеді. Сондықтан атқарылып жатқан жұмыс деңгейін жақсы деп бағалаймын.

– Қала әкімін да облыс әкімін да жақсы білемін. Атқарып жатқан жұмыстары өте жақсы. Себебі, ауылшаруашылығы болсын, өнеркәсіп саласы болсын дамуда.

Елімізде республикалық “Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!” атты акция 9-шы желтоқсан, яғни “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні” аяқталмақ.

 

 

 

Ешкенова Дана