МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірі жаңа муралмен безендірілді

Петропавлдық жас суретші Станислав Алерт облыс орталығындағы үйлердің бірін жаңа муралмен безендірді.

Жерлесіміз көпқабатты нысанның тұтастай бір қабырғасына ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың суретін салды. Сонымен қатар, “Мен жастарға сенемін” атты өлеңнің бір шумағын қазақ және орыс тілінде жазды. Бұл – талантты жерлесіміздің алғашқы жұмысы емес. Станислав Алерт
бұған дейін де суреттерімен жұртшылықты тәнті еткен болатын.

 

 

 

Казиканова Алтынай