Спорт

“Қызылжар” ФК тағы да жеңіліс тапты

“Қызылжар” ФК тағы да жеңіліс тапты. Бұл жолы жергілікті аяқдоп шеберлері Шымкент қаласының “Ордабасы” командасынан ұтылды.

Қос құрама арасындағы кездесу кеше Талғар қаласында өткен болатын. Матч басталысымен қарсыластар бірден шабуылға көшті. Алайда, талай оңтайлы сәтті футболшылар пайдалана алмады. Ойынның 72-ші минутына дейін есеп өзгеріссіз болды. Алғашқы голды солтүстікқазақстандықтардың қақпасына ордабасылық Жоао Пауло соқты. Кездесудің соңына дейін қызылжарлықтар таблодағы есепті теңестіруге тырысқандарымен бұл әрекеттерінен түк шықпады. Матч 1 де 0-мен аяқталды. Қазір жергілікті команда әлі де / 7 ұпаймен турнирлік кестенің 9-шы орнында тұр. Аяқдоп шеберлерінің келесі қарсыласы – қызылордалық “Қайсар”. Кездесу осы айдың 28-іне белгіленген.

 

 

Эльмира Садвокасова