Құқық қорғау органдары

СҚО-да көмір тиелген тіркеме аударылып қалды

Кеше Қызылжар ауданында «КамАЗ» көлігінің көмір тиелген тіркемесі аударылып қалды.

Ауыр жүк машинасын 38 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Петропавл қаласынан Есіл ауданына бет алса керек. Жолда қарсы алдында келе жатқан жеңіл автомобиль / бағдаршамның қызыл түсіне тоқтайды. Осы сәтте «КамАЗ»-дың рөліндегі ер адам соқтығыстың алдын алу үшін кенет тежегішті басыпты. Содан қара отын толы тіркеме аударылған. Салдарынан жол шетіндегі қоршауларға зақым келді. Дегенмен, оларды жауапты мамандар көп кешікпей қалыпқа келтірген. Бүгінде шығын көлемі анықталуда. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталған соң әкімшілік материал сотқа жіберіледі.

 

Казиканова Алтынай