Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік корпорациясы бидайды биыл қандай бағамен сатып алады?

Азық-түлік корпорациясы / бидайды биыл қандай бағамен сатып алады? Бұл мәселе де Үкімет отырысында қаралды.

Үстіміздегі жылы / Азық-түлік корпорациясы диқандардың өтініштері бойынша астықты форвардтық сатып алуды жүзеге асырған болатын. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 24 жарым млрд теңге қаржы бөлініпті. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша ауыл шауашылығы тауыр өндірушілерінің кепілзат ұсынуға байланысты қауқарларына қарай / аталған рәсім әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепіл етуімен жасалған. Нәтижесінде 516 мың тонна өнімді сатып алу жөнінде келісім-шартқа қол қойылыпты. Нарықтағы жағдайға байланысты бидайды сатып алу бағасын / сапасына қарай 83-87 мың теңге шамасында бекіту ұсынылып отыр. Сондай-ақ, 4-ші сұрыпты бидайға – 78 мың, ал 2-ші сұрыпты арпаға – 50 мың теңге. Министрдің сөзінше күнбағыс пен қарақұмықты сатып алу бағасы / осы дақылдарды жинап алғаннан кейін белгілі болмақ.

 

 

Ешкенова Дана