Ауыл шаруашылығы

СҚО-да орақ науқаны аяқталуға жақын

СҚО-да орақ науқаны аяқталуға жақын.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының мәліметінше, бүгінге дейін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі 2 млн 800 мың гектар жердегі өнім қамбаға құйылыпты. Жоспардың орындалу көрсеткіші 93% жуықтайды. Ал элеваторларға жеткізілген алтын дәннің көлемі 4,1 млн тоннаны құрайды. Өңір бойынша орташа шығымдылық – 14,8 центнер. Енді майлы дақылдарға тоқталайық. Аймақта 670 мыңға гектарға жақын аумақтағы астық орылған. Түсім орташа есеппен 8,2 центнерден айналуда. Сондай-ақ, өлкеде 468 мың тоннадан астам картоп жиналыпты. Мұндағы гектар берекелігі 149,4 центнерді құрап отыр.

 Ешкенова Дана