Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшылары 2 тәулік ішінде 11 қылмыскерді құрықтады

Өңір тәртіп сақшылары 2 тәулік ішінде 11 қылмыскерді құрықтады. Олардың жетеуі ТМД елдерінде іздеуде болған. Бұл – қыркүйектің 16-17-сі күндері өткен “Іздеу” халықаралық жедел-алдын алу шарасының нәтижесі.

Іздестіру кезінде Айыртау ауданының тәртіп сақшылары Қырғызстанның 78-ші жылғы азаматын ұстады. Ер адам жаз басында Саумалкөл ауылында қылмыс жасапты. Осыған дейін сотты болған ол / бұл жолы солтүстікқазақстандықтың өміріне қасақана зақым келтірген. Үш ай бойы қашып жүрген заңбұзушы полицейлердің қолына Ақмола облысында түседі. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тағы “Іздеу” халықаралық шарасы барысында іс-түссіз жоғалған 44 жастағы Петропавл тұрғыны табылды. Нәзікжанды қыркүйектің 11-і үйінен шығып кеткен күйі қайтып оралмапты. Азаматшаның орналасқан жерін анықтауға Петропавл мен барлық аудан полицейлері, еріктілер жұмылдырылған. Бірлесіп атқарған жұмыстың арқасында нәзікжанды табылып, аман-есен жанұясына оралды. Жыл басынан / өңір бойынша // жоғалып кеткен 74 өңір тұрғыны іздеуге салынған. Бүгінде олардың 27-сі табылып, отбасыларына қайтарылды.

 

Эльмира Садвокасова