Спорт

Хоккейден Қазақстан чемпионатының басталу уақыты кейінге шегерілді

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының басталу уақыты кейінге шегерілді.

Биыл жоспар бойынша біріншілікке қыркүйектің 19-ы күні старт берілуі тиіс еді. Бірақ, эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Нақтырақ баяндайық, жақында елордалық “Барыс” клубының 12 өкілінен қауіпті инфекцияның белгілері табылды. Сол себепті, дәстүрлі доданың алғашқы ойындары кейінге шегерілді. Әзірге, матчтардың қашан өтетіні белгісіз. Жалпы, үстіміздегі жылы сайыста 13 команда бақ сынамақ. Олардың қатарында солтүстікқазақстандық “Құлагер” құрамасы да бар. Сондай-ақ, биыл тізімге нұрсұлтандық – «Номад», қарағандылық – «Сарыарқа» мен өскемендік «Торпедо» сынды азулы қарсыластар енді.

Бисенова Жанна