Қоғам

Қазақстандық диплом Еуропа елдерінде жарамды болмақ

Қазақстандық жоғарғы оқу орындарынан берілген дипломдар Еуропа елдерінде жарамды болмақ.

Келесі жылдан бастап отандық білім ордаларының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар дипломдар табысталады. Ол жас мамандардың біліктілік деңгейлері еуропалық санатқа сәйкес дегенді білдіреді. Мұндай шешімді / Болон процесінің хатшылығы қабылдады. Оның құрамына 29 мемлекеттің Білім және ғылым министрлері мүшелік етеді. Араларында еліміздің бас педагогы Асхат Аймағамбетов те бар.

Маржан Касымбек