Құқық қорғау органдары

Аң аулау орындарында рейдтік шаралар өтуде

Қыркүйектің 5-інен өңірде аң аулау маусымы басталды. Осы орайда солтүстікқазақстандық полицейлер рейдтік шараларға екпін беріп жатыр.

Тәртіп сақшылары табиғат жанашырларымен бірлесе  аңшылардың қаруын тексеріп, түсіндіру шараларын жүргізуде. Белгілі бір жануарды атуға болатындығы жайлы және мылтыққа қатысты құжат болуы қажет. Өйтпеген жағдайда айыпты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бері мұндай 661 факті тіркеліпті. Заңды бұзғандар  10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеген.

Бердимурат Баймухан