Құқық қорғау органдары

Зират ішін ойрандап кеткен балалар ұсталды

Зират ішін ойрандап кеткендер қолға түсті. Оқиға өткен аптада Айыртау ауданында орын алды.

Жергілікті тұрғындар қабір үстіндегі сәулеттердің қирап жатқанын байқайды. Бәзбіреулер аталған орынның қоршауын бұзып, 10-нан аса құлпытасты сындырып тастапты. Тіпті, біреуінің үстіне акрил бояуын жаққан екен. Іздестіру шараларының нәтижесінде 3 жасөспірім қолға түседі. Ол 10 мен 12 жас аралығындағы балалар екен. Сотқарлар жасаған істерін толық мойындап отыр. Қазіргі күні аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бердимурат Баймухан